Қазақстанда инновациялық жобаларды дамытатын Astana Venture Club құрылды

22 Мамыр 2023, 15:38
1317
Бөлісу:
Қазақстанда инновациялық жобаларды дамытатын Astana Venture Club құрылды
Фото: AstanaHub

Астанада Astana Venture Club – болашағы зор технологиялық кәсіпкерлерге инвестиция құйып, қолдау көрсетуге мүдделі бизнес-періштелер қауымдастығының ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Клубтың миссиясы – Astana Hub базасында венчурлық инвестиция мәдениетін және экожүйені дамыту.

Astana Venture Club қаржылық әлеуетін арттырғысы келетін қазақстандық кәсіпкерлерді баламалы инвестициялық мүмкіндіктермен таныстыру мақсатында құрылған. Біз қазақстандық бизнес-періштелерді біздің серпінді қауымдастықтың бір бөлігі болуға шақырамыз. Бұл Қазақстандағы және шетелдік перспективалы жобаларға инвестиция салу арқылы инвестициялық портфелін кеңейтуге ұмтылатындар үшін тамаша мүмкіндік. Біздің платформамызда іскер періштелер өздерінің инвестицияларын барынша ұлғайту үшін ең жақсы инвестициялық стратегиялар мен тәсілдерді үйреніп, әлемнің түкпір-түкпірінен келген әріптестерімен тәжірибе және білім алмасу мүмкіндігіне ие болады, - дейді Astana Venture Club негізін қалаушы және жетекшісі Нұрасыл Жарбасов.

Қазақстанда инновациялық жобаларды дамытатын Astana Venture Club құрылды

Іс-шараға инвесторлар, бизнес-қауымдастықтардың жетекшілері, венчурлық және инвестиция саласының мамандары, меценаттар мен Қазақстанның IT-қауымдастығы өкілдері қатысты. Қарқыны және кірісі жоғары перспективалы стартаптарды анықтау және инвестициялау мақсатында құрылған бұл клуб инвесторлар, кеңесшілер, сарапшылар мен тәлімгерлер үшін өзара көмек пен қолдау ортасын құруға ұмтылады.

Тамаша идеяларды жүзеге асыру үшін жобаның потенциалын бағамдай алатын бизнес-періште қажет. Сондықтан венчурлық экожүйе үшін стартаптар мен корпорациялар ғана емес, инвесторлар да аса маңызды. Бұл басты мәселелердің бірі, өйткені онсыз ешқандай даму, нарықты жаңғырта алатын жаңа шешімдер, инновациялар мен компаниялар да болмайды. Сондықтан инвесторлар клубын құру - елдің венчурлық экожүйесін дамыту жолындағы маңызды қадам, - деді INVESTORO халықаралық инвесторлар ұйымының президенті Виталий Полехин.

Қазақстанда инновациялық жобаларды дамытатын Astana Venture Club құрылды

Astana Venture Club қызметі әлеуетті инвесторлардан бизнес-періштелер пулын құруға, халықаралық деңгейде бизнестің жаңа мүмкіндіктерін іздеуге, желіні дамытуға, компаниялардың портфолиосын қолдауға, тәжірибе алмасуға, ауыртпалықтарды бірге көтеруге, инвестициялық табысты арттыруға бағытталған.

Венчурлық капитал нарығын дамытуға бағытталған Astana Venture Club мақсаттары Astana Hub міндеттерімен сәйкес келеді. Сондықтан біздің технопарк бизнес-періштелерге венчурлық инвестиция әлеміне ену мүмкіндігін беретін және инновациялық шешімдерін енгізуде дарынды IT-кәсіпкерлерге қолдау көрсететін қоғамдастық құру бастамасын толығымен қолдайды, - деді Astana Hub халықаралық технопаркінің басқарушы директоры Абай Әбсамет.

Айта кетсек, жуырда бизнес-періштелер мектебінің бірінші итерациясы тегін өтеді. Сондай-ақ клуб аясында тұрақты түрде әртүрлі іс-шаралар, соның ішінде мықты сарапшылардың қатысуымен стартаптардың питчингі ұйымдастырылады.

Astana Venture Club туралы толығырақ білу және/немесе тіркелу үшін astanaventure платформасына өтуге болады.

Өзгелердің жаңалығы