Қазақстанда есірткі көп қолданылатын өңір анықталды

2 Сәуір 2023, 13:13
908
Бөлісу:
Қазақстанда есірткі көп қолданылатын өңір анықталды
Фото: paryz.kz

Денсаулық сақтау министрлігі есірткі қолданатын қазақстандықтар туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша есірткілік заттарды қолданудан туындаған психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар адамдардың саны 18 216. Ал кәмелетке толмаған жасөспірім саны 99 адамды құрайды.

Бұл көрсеткіш:
2020 жылы – 20259 адам;
2021 жыл – 18689 адам;
2022 жыл – 18085 адамды құраған.

Сондай-ақ департамент 2022 жылы тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда нашақорлықпен ауыратын 5089 науқас емделіп шыққанын, оның 4707-сі ерікті емдеу бөлімшелерінде екенін хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылдың 1 наурызына дейінгі мәліметі бойынша 6455 адам апиынның барлық түрлерін жиі пайдалананған.

Министрліктің мәліметінше, динамикалық бақылауға алынған адамдардың көпшілігі Павлодар облысында тіркелген.

2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ол 100 мың халыққа шаққанда 256,2 мың адамды құрады, – деп атап өтті ведомство өкілі.

Жынысы бойынша «Есірткі заттарды қолданудан туындаған психикалық мінез-құлық бұзылыстары» диагнозымен динамикалық бақылауға алынғандардың арасында ерлердің саны 16 713, әйелдердің саны 1 503 құрайды.

Психоактивті заттардың уытты әсерінен қайтыс болғандар саны келесідей:

2020 жылы 72 жағдай – 65 ер, 7 әйел;
2021 жылы – 74 жағдай – 57 ер, 16 әйел, 1 кәмелетке толмаған бала;
2022 жылы – 87 жағдай – 78 ер, 9 әйел.

Өзгелердің жаңалығы