Қазақстанда электромобиль иелеріне жағдай жасау ұсынылды

17 Қаңтар 2024, 10:48
431
Бөлісу:
Қазақстанда электромобиль иелеріне жағдай жасау ұсынылды
Фото: Арман Мухатов - архив

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Қазақстанда электромобиль айдайтындарға жағдай жасауды ұсынып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев қазіргі таңда елімізде жағдай түбегейлі өзгергенін атап өтті.

Мысалы, 2023 жылдың 1 қаңтарында электрқозғалтқышпен 812 жеңіл көлік тіркелсе, он екі айдың қорытындысы бойынша 7793 электркөлігі тіркелген, бұл дегеніміз электромобиль санының 9,5 есеге өскендігін көрсетіп отыр. Яғни «жасыл» көліктерге сұраныстың көбеюі қажетті инфрақұрылымды дамытуды ілгерлетуді талап етеді, - деді ол.

Заң жобаларында «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Жол жүрісі туралы» заңдарына түзетулер енгізу көзделген.

Заң жобасы мынадай негізгі нормаларды қарастырады:

  • «электромобиль» және «электрозарядты станция» ұғымдарын енгізу;
  • коммуналдық ақылы автотұрақтарда (автопарковкаларда, паркингтерде) электромобиль көлігінің иелері үшін тегін тұрақ орындарын пайдалану;
  • тұрғын аймақтардағы электрозарядты станцияларды жобалау, орнату және техникалық пайдалану ережелерін әзірлеу және бекіту бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттілігін анықтау;
  • жергілікті атқарушы органдардың өкілеттілігі электрозарядты станцияларды орналастыру туралы шешімдерді қабылдау және такси тұрақтарын, әуежайларда, вокзалдарда, 1 және 2 санатты стационарлық сауда және мәдени ойын-сауық нысандарын, мәдени-демалыс парктері мен алаңдарын, даңғылдарды, көшелерді, кварталдарды электрозарядты станциялармен жабдықтау және ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

Сонымен қатар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне толықтыру енгізу туралы» Заңының жобасы электромобильдер үшін бөлінген орындарда көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтатып тұру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу мақсатында әзірленді, - деп түсіндірді Мұсабаев.

Заң жобасын іске асыру республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қайшы келмейді.

Өзгелердің жаңалығы