1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда электр зарядтау станцияларындағы жабдықтарды міндетті түрде тексеруден өткізу ережелері енгізіледі. Жаңа талаптар электромобильді зарядтау құнын есептеу жүргізілетін құрылғыларға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Электромобильдерді зарядтау кезіндегі өлшеулер енді мемлекеттік реттеу саласына жатқызылды. Бұл босатылған электр энергиясын есепке алу жабдығы міндетті түрде тексеруден өтуге тиіс екенін білдіреді.
Қарапайым тілмен айтқанда, құрылғы автокөліктің қанша электр энергиясын алғанын дәл көрсетуі тиіс. Жүргізуші төлейтін сома дәл осы көрсеткішке байланысты.
Тексеру жабдықтың ақаусыз екенін және электр энергиясының көлемін рұқсат етілген қателік шегінде көрсететінін растайды.
Жаңа талаптар Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 25 қыркүйектегі №272-НҚ бұйрығында көзделген. Құжат 1 желтоқсанда күшіне енеді.
Электромобиль иелері үшін бұл зарядтау ақысын төлеу кезінде қосымша қорғанысты білдіреді. Өз кезегінде, станция операторлары өлшеу жабдығының күйі мен оны тексеру мерзімдерін қадағалауға міндетті болады.
Талаптар Қазақстандағы электромобильдер санының өсуі мен зарядтау инфрақұрылымының дамуы аясында енгізіліп отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда күн энергиясы электромобильдерді зарядтайтыны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Өзбекстанда электромобиль импорты күрт өсті