Қазақстанда биыл көліктерден 595 заңсыз жанармай багы алынды

Қазақстанда 159 тоннадан астам жанармай тасымалдауға мүмкіндік беретін заңсыз бактар анықталды.

 Рolisia.kz 16 Қараша 2026, 22:48
16 Қараша 2026, 22:48
143
Фото: Рolisia.kz

Қазақстанда жыл басынан бері көліктерге заңсыз орнатылған 595 жанармай багы анықталды. Олардың жалпы көлемі 159,5 тоннаға жеткен.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Мемлекеттік шекарадағы 48 автомобиль өткізу пунктінің маңында тәулік бойы жұмыс істейтін полиция бекеттері қойылған. Заңбұзушылықтардың көбі Жамбыл облысында тіркелді – 386 дерек. Түркістан облысында 119, Қостанай облысында 80 жағдай анықталған.

Жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көліктерден заңсыз орнатылған жанармай бактары алынып тасталды.

5 қазан мен 5 қараша аралығында республика көлемінде "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның аясында полицейлер 576 мыңнан астам тұрғын үй мен өзге де нысанды тексерген. Жалға берілетін пәтерлерге, саяжайларға, тұрмысы қолайсыз отбасыларға және профилактикалық есепте тұрған азаматтарға ерекше назар аударылды. Нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзудың 42 мыңға жуық дерегі анықталды, – деп жазылған хабарламада.

Тоғыз мыңға жуық шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар тұрақты тұрғылықты жері жоқ 3,5 мыңнан астам адам полицияға жеткізілді. Іс-шара барысында 100 мыңнан астам қару иесі тексерілді. Полицейлер 1,5 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолын кесіп, тіркелмеген 195 қаруды тәркіледі.

Наверх