Қазақстанда бір тәулікте жеті орман өрті толық сөндірілді

Өрт қаупі жоғары кезеңге байланысты Экология министрлігі тұрғындарды табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

 ҚР Экология министрлігі 1 Тамыз 2026, 22:53
1 Тамыз 2026, 22:53
189
Фото: ҚР Экология министрлігі

1 тамыз күні Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында жеті орман өрті тіркеліп, олардың барлығы толықтай сөндірілді. Бұл туралы ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, өрттердің үшеуі Ақмола облысында, екеуі Қостанай облысында, тағы біреуі Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген.

Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» РМК-ның әуе патрульдеуі және мемлекеттік орман күзетінің жерүсті рейдтері барысында анықталған.

Өртті сөндіруге орман шаруашылығы қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» мамандары мен арнайы техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта барлық өрт толықтай ауыздықталды.

Өрт қаупі жоғары кезеңге байланысты Экология министрлігі тұрғындарды табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Наверх