Қазақстанда бір тәулікте орман қорында 10 өрт тіркелді

Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның өрт сөндіру десанттары, тікұшақтары мен арнайы техникалары, сондай-ақ басқа да күштер мен құралдар жұмылдырылды.

 Экология және табиғи ресурстар министрлігі 15 Тамыз 2026, 07:13
15 Тамыз 2026, 07:13
89
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

2026 жылғы 14 тамызда Қазақстанның орман қоры аумағында 10 орман өрті тіркелді.

Өңірлер бойынша:

  • Павлодар облысында – 1 өрт;
  • «Ертіс орманы» МОТР аумағында – 7 өрт;
  • «Семей орманы» МОТР аумағында – 1 өрт;
  • «Қарқаралы» МОТР аумағында – 1 өрт.

Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің тұрақты бақылауы нәтижесінде дер кезінде анықталған.

Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның өрт сөндіру десанттары, тікұшақтары мен арнайы техникалары, сондай-ақ басқа да күштер мен құралдар жұмылдырылды.

Қабылданған жедел шаралардың арқасында өрттің елді мекендер мен орман алқаптарына таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Азаматтарды өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтап, табиғат аясында барынша сақ болуға шақырады.

Наверх