Қазақстанда балалар паспорты екі есе арзандайды

10 Шілде 2023, 23:47
1060
Бөлісу:
Қазақстанда балалар паспорты екі есе арзандайды
Фото: Артём Чурсинов

Келесі жылдан бастап 16 жасқа дейінгі балаларға 24 беттік паспорт үшін мемлекеттік баж 4 айлық есептік көрсеткіш – 13 800 теңге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тиісті бұйрыққа ішкі істер министрі 30 маусымда қол қойды.

ҚР азаматының 24 беттік паспорты - 4 АЕК (16 жасқа дейінгі балалар үшін), 48 беттік - 12 АЕК, - делінген құжатта.

36 беттен тұратын стандартты паспорт үшін мемлекеттік баж өзгеріссіз қалады, яғни 8 АЕК немесе 27 600 теңге.

Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж 0,2 АЕК - 690 теңге болды.

Алайда ол жоғалған жағдайда бір жыл ішінде екі реттен артық алған кезде 1 АЕК - 3 450 теңге төлеуге тура келеді.

Құжатты жалпы тәртіппен 15 жұмыс күні ішінде алуға болады.

Дегенмен қосымша ақыға процесті жылдамдатуға болады:

- Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында жеделдіктің I санатымен – бір жұмыс күнінде құжат алуға болады. Ал II санат бойынша – үш жұмыс күнінде алуға болады.

- Облыс орталықтарында паспортты жедел алудың I санаты бойынша үш жұмыс күнінде, II санаты бойынша бес жұмыс күнде алуға болады.

- облыстардың аудандары мен қала тұрғындары жедел түрде төлқұжат алатын болса, ІІІ санаты яғни жеті жұмыс күнінде құжаты дайын болады.

Өзгелердің жаңалығы