Қазақстанда азаматтық некеге тұрушылардың саны артып келеді

12 Қаңтар 2023, 13:16
1483
Бөлісу:
Қазақстанда азаматтық некеге тұрушылардың саны артып келеді

Соңғы жылдары тіркелмеген немесе азаматтық некеге тұрушылардың саны артып келеді. Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген әлеуметтану зерттеулерінің нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Азаматтық некеде ерлі-зайыптылар бір-біріне де, отбасы мүшелеріне де жауапкершілікті ресми түрде бөлмейді. ҚҚДИ жүргізген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері респонденттердің «азаматтық неке» құбылысына деген көзқарастарын атап өте келе іс жүзінде тең үш топқа бөлінгенін көрсетті: оң, теріс және бейтарап. Оң көзқараспен қарайтындардың көрсеткіші – 28,3%, теріс көзқараспен қарайтындар – 33,1%, бейтараптылық ұстанатындардың үлесі – 32,8%. Нәтижелерге сүйенсек, Қазақстанда әрбір бесінші неке тіркелмеген болуы мүмкін. 

"Жасы ұлғайған сайын адамдар 61 жастан асқан ересек ұрпақты қоспағанда, бұл құбылысқа оң көзқарас танытатынын атап өткен жөн. Зейнеткер немесе зейнеткерлік жастағы ересек ұрпақ отбасына қатысты дәстүрлі көзқарастарға ие. Бұл ұрпақ АХАЖ немесе АХАТ органдарында тіркелген мәртебесі бар отбасын, яғни ресми некені қабылдаумен сипатталады, - деп жазылған «Қазақстандық отбасылар» ұлттық баяндамасында. 

Қазақстанда азаматтық некеге тұрушылардың саны артып келеді

Әдетте, аға буын өкілдері дәстүрлі отбасылық құндылықтарға – еркек пен әйел арасындағы неке, эндогамдық топтан серіктес таңдау, патриархалдық бағыттағы толық отбасына бағытталған. Бұл контексте азаматтық некеге қатысты көзқарастардың өзгеруі жасынан басқа, білім беру, географиялық орналасуы, этноссияқты факторларға байланысты болуы мүмкін. Сауалнама нәтижесі бойынша қазақтардың азаматтық некеге жағымсыз көзқарасы орыстарға қарағанда екі есе, басқа этностық топтарға қарағанда төрт есе жоғары.

Сауалнамаға 1200 адам қатысқан.

Өзгелердің жаңалығы