Бұл жайында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елімізге атом электр станциясын салу бойынша 4 жоба қарастырылып жатыр. Бүгінгі таңда елімізде атом электр станциясын салу үшін 10-15 миллиард доллар керек.
Құжаттар шамамен 5 жыл әзірленеді. Өйткені, бірінші кезеңде техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге 1,5-2 жыл керек. Содан кейін Үкімет АЭС салу туралы оң шешім қабылдаса, жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді. Оғанда уақыт қажет. АЭС шашамен 5 жыл салынады. Яғни атом электр станциясын 2035 жылы іске қосамыз деп ойлаймыз, - деді басшы Астанада өткен «Бейбіт атом» республикалық семинарында.
Тимур Жантикин АЭС салу үшін 2 орын қарастырылғанын айтты.
Әзірге тек бір орын қарастырылып жатыр. Іс жүзінде 2 орын қарастырылған: ШҚО және оңтүстікте. Оңтүстік Қазақстан
энергожүйенің шарты бойынша бұрынғы ГРЭС алаңының орны болып саналады. Содан кейін Алматы облысы Үлкен кенті таңдалды. Ол Балқаш көлінде орналасқан, - деді ол.
Сондай-ақ бас директор АЭС салу үшін қанша қаржы керегін атап өтті.
Бірінші станция 10-15 млрд доллар болады. Себебі, ол – алғашқы станция. Қазір қаржыландыру көзі пысықталып жатыр. Бұл – негізінен халықаралық қаржы институттары. Жоба әзірге коммерциялық болып саналады. Мемлекет оған араласпайды. Тиісінше оның шарттары да бар, - деді Жантакин.