Қосшыда полиция бөлімі мен емхана салынады

21 Желтоқсан 2023, 14:07
375
Бөлісу:
Қосшыда полиция бөлімі мен емхана салынады
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Қосшыда жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысы жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласына жұмыс сапары аясында қалалық полиция бөлімі әкімшілік ғимаратының, емхананың және «Жайлау City» ТҮҚК тұрғын үйлерінің құрылысына арналған жер телімдерін аралап көрді.

Қала әкімі Гайдар Қасенов алдағы құрылыс барысын баяндады.

Полиция ғимаратын салуға бөлінген жер телімінің жалпы көлемі 2,5 га құрайды. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Өңір басшысы болашақ емхананың құрылыс алаңын да аралап көрді. Берілген жер аумағы 5,0 га.

Өңір басшысы жоспарланған нысанның орналасуы тұрғын үй алқабының орналасуына байланысты қолайлы екенін атап өтті.

Халықтың жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасау керек. Сондықтан құжаттаманы толтыру үшін барлық қажетті процедураларды тездетіп, құрылысты бастаңыз, - деді Марат Ахметжанов.

«Жайлау City» ТҮҚК тұрғын үйлерінің құрылыс алаңында облыс әкімі жұмыс барысымен танысты.

Жер телімінің ауданы - 2,7 га. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары басталды, 3 көпқабатты үйдің құрылысы жоспарлануда.

Сапар соңында өңір басшысы «Дара» бизнес-академиясы» мектеп-лицейінде болып, оған «KAZYNA-SR» ЖШС жиһаздарын сыйға тартты.

Сапар қорытындысы бойынша аудан басшылығына тапсырмалар берілді.

Өзгелердің жаңалығы