2026 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 9 143 тонна шай және кофе өндірілді, оның ішінде 3 829 тоннасы шайға тиесілі. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өңірлер арасында белсенділік қандай?
Өңірлік бөліністе шай өндірісінің негізгі үлесі Алматы қаласына тиесілі - 92,1% (3 528 тонна). Бұл көрсеткіш бойынша Алматы қаласы өңірлер арасында көш бастап тұр.
Импорттың үлесіне сергіткіш сусынның 74,1%-ы тиесілі, елге шай өнімінің 18,3 мың тоннасы әкелінді. Алты ай ішінде 3,9 мың тонна шай мен кофе экспортқа шығарылды.
Айына қанша грамм шай ішеміз?
Ішкі нарықта барлығы 20,8 мың тонна өнім өткізілді.
Жалпы, шай тұтыну көлемі бір адамға айына орта есеппен шамамен 100 грамды құрайды.
Шай көбінесе қайдан әкелінеді?
Шайдың негізгі жеткізуші елдерінің қатарында Кения бар, оның үлесіне импортталған өнімнің 27,2%-ы тиесілі. Сондай-ақ шайдың
негізгі көлемі Үндістан, Ресей, Италия және Қытайдан әкелінеді.
Айта кетейік, Қазақстанда бұған дейін тыйым салынған шайды сатуға қайтадан рұқсат берілді.
Тағы оқи отырыңыз:
Қазақстан бидайы және Кения кофесі: Екі ел арасындағы сауда айналымы қалай өзгереді?
Қостанайдағы "қымбат" кофе: Тұтынушы жәндігі бар сусын үшін 100 мың теңге "алды"
Қазақстандықтар шай ішуді азайтты