Қазақстанда 6 жаңа ақылы жол енгізіледі 

Су тасқыны кезеңінде республикалық автожолдарда  5 су алу фактісі ғана тіркелген.

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 12:56
Бүгiн 2026, 12:56
206
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Елімізде 15 жол учаскесінде жарықтар мен ақауларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жайлы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазіргі таңда ел аумағында жалпы ұзындығы 4 900 шақырымға жететін 26 ақылы жол учаскесі бар. Ақылы жолдарда ақаулар анықталған жағдайда жол жүру ақысын уақытша тоқтату нормасы енгізілді.

Биыл қосымша жаңа 6 ақылы учаскені енгізу жоспарлануда, - дейді спикер. 

Брифинг барысында Дархан Иманашев биылғы су тасқыны маусымын жол қызметі алдын ала дайындық жұмыстарының арқасында абыроймен алып шыққанын айтты. 

2026 жылғы су тасқыны кезеңінде республикалық автожолдарда  5 су алу фактісі ғана тіркелді. Осыдан екі жыл бұрын 178 су алу фактісі тіркелген болатын.  Су тасқынына қарсы іс-шараларға 1000 бірлік техника және 1900 қызметкер жұмылдырылды. Шамамен 15 мың суөткізгіш құбырлар тазартылып, 86 мың текше метр инертті материал әзірленді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан жолдарында қандай өзгерістер болғанын, сондай-ақ, ЖИ жүргізушілерді қалай бақылайтынын жазған едік. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Қазақстан мен Моңғолия арасында төте автокөлік жолы салынады

Астанада оқушыларға жол қауіпсіздігі мен қоғамдық көлікпен жүру тәртібі түсіндірілді

Вашингтон келісімі: «Қарағанды – Жезқазған» жолына 650 млрд теңге бөлінді

 

Наверх