Қазақстанда 57 жаңа су қоймасы салынады

13 Сәуір 2024, 18:37
751
Бөлісу:
Қазақстанда 57 жаңа су қоймасы салынады
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Президенттің тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі 2030 жылға дейін су шаруашылығы құрылыстарын қалпына келтірудің кешенді жоспарын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоспарда 57 жаңа су қоймасын салу, 133 гидротехникалық құрылысты, 7 мың шақырымнан астам ирригациялық жүйені және 1200 шақырым топтық су құбырын қайта жаңартуды, сондай-ақ 3628 тік дренажды ұңғыма бұрғылау қарастырылған.

Бүгінгі таңда 114 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Суару жүйелерінің тозуы салдарынан тасымалдау кезінде судың шығыны мәселесін шешу үшін 14 мың шақырымнан астам каналды реконструкциялау жоспарлануда. 

Жобаны 3 кезеңде іске асыру ұсынылып отыр. 1-ші кезеңде - 2024-2025 жылдары ұзындығы 3500 шақырым 337 арнаны қайта жаңарту жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы