Қазақстанда 131 мың отбасы – кедейлік шегінде - Серік Шәпкенов

19 Тамыз 2020, 00:30
1886
Бөлісу:
Қазақстанда 131 мың отбасы – кедейлік шегінде - Серік Шәпкенов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шәпкенов елімізде қанша қазақстандық кедейліктің шегінде екенін айтты.

Кедейлік шегіндегілер атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Қазіргі таңда бұл көмекті 131 мың отбасы алды. Биылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңа формат бойынша беріледі. Яғни азық-түлік себеті және тағы басқа бойынша, - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде 107 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алған.

Олар бұл төлемді пандемияға дейін және одан кейін алды. Пандемияның барлық кезеңінде eGov порталы арқылы бұл көмекті алуға 29 мың адам өтініш берді, - деді Серік Шәпкенов.

Өзгелердің жаңалығы