Қазақстанда 100 мұнай учаскесі аукционға шығарылады: Алғашқы 30-ы – жуық арада

Қазақстанда 100 мұнай учаскесі аукционға шығарылмақ, алғашқы 30-ы жақын арада ұсынылады. Елдегі өндіріс неге төмендеп жатыр және жаңа жоспар қандай?

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 13:37
Бүгiн 2026, 13:37
111
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстанда 100 мұнай учаскесін аукционға шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов BAQ.KZ YouTube-арнасындағы Trend Talk подкастында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Қазақстандағы ескі (жетілген) кен орындарында мұнай өндіру шегіне жетіп қойған, ал олардың табиғи түрде сарқылуы – қалыпты үдеріс.

Шын мәнінде, Қазақстан жетілген кен орындары бойынша мұнай өндірудің шарықтау шегінен өтіп кетті. Бұл кен орындары 50 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, сондықтан олардың сарқылуы – табиғи құбылыс. Біз бұл үрдісті түсінеміз және жаңа учаскелер есебінен ресурстық базаны арттыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз, - деді ол.

Министрдің сөзінше, мемлекет аукциондар арқылы инвесторларды тартуға басымдық беріп отыр.

Биыл біз 100 учаскені аукционға шығаруды жоспарлап отырмыз, оның алғашқы 30-ы – жуық арада. Қаржылық және техникалық мүмкіндігі бар кез келген компания қатысып, учаскелерді алып, игеруді бастай алады. Бұған қоса, келісу мерзімдерін едәуір қысқарттық – бұрын бұл 2-3 жылға дейін созылса, қазір рәсімдер жеңілдетілді, - деп қосты Ерлан Ақкенженов.

Бұған дейін Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Теңіздегі газ-сепарациялық кешен құрылысы тоқтатылды деген ақпаратты жоққа шығарған болатын. Оның айтуынша, жобаны іске қосу 2029 жылға жоспарланған.

Тағы оқи отырыңыздар:

"Теңізшевройл" 2033 жылдан кейін де Қазақстанда қалмақ 

Наверх