Ресей, Украина және АҚШ арасындағы үшжақты келіссөздер 4 қарашаға алдын ала жоспарланған. Бұл туралы Польшаның премьер-министрі Дональд Туск мәлімдеген. Бұл жөнінде BAQ.KZ Gazeta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде өтуі мүмкін. Алайда Украинаның өкілдері 4 қараша күнін әзірге түпкілікті растамаған. Украина тарапы келіссөздердің нақты мерзімі әлі келісіліп жатқанын және АҚШ делегациясының растауы күтілетінін мәлімдеді.
Бұған дейін, 21 қазанда Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен кездесуі кезінде Ресей – АҚШ – Украина форматындағы үшжақты келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін айтқан болатын.
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков та қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөздердің келесі кезеңі Әбу-Дабиде өтуі мүмкін екенін хабарлаған.