Қазақстан жол сапасы жөнінен 93-орында тұр

17 Ақпан 2023, 16:05
830
Бөлісу:
Қазақстан жол сапасы жөнінен 93-орында тұр

Бұл туралы депутат Серік Шайдаров бүгін Сенатта өтіп жатқан Парламенттік тыңдауда мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, өңірлердің экономикалық дамуы тікелей республикалық маңызы бар жолдар желісінің жай-күйіне байланысты.

Бүгінгі таңда республикалық автожолдардың жартысынан сәл астамы, яғни 12,8-ден 22,5 мың шақырымның 52 пайызы ғана жақсы жағдайда. Бұл ретте жолдардың шамамен үштен екісі бір жолақты әр бағыт бойынша III-V техникалық санатқа ие жолдар. Сонымен қатар көптеген маңызды жобаларды жүзеге асыру мерзімдері үлкен сұрақтар туғызады. Мысалы, «Талдықорған – Өскемен», «Қарағанды – Балқаш», «Қалбатау – Майқапшағай», «Мерке – Бурылбайтал», «Қызылорда – Жезқазған», «Қарағанды – Жезқазған» және «Жезқазған – Арқалық», - деп атап өтті сенатор.

Сонымен қатар депутат былтыр жыл соңында бұл мәселенің көтеріліп, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолданғанын айтты. 

Сондықтан республикалық маңызы бар жолдарды қайта жаңарту және салу жөніндегі барлық жобаларды уақтылы және сапалы аяқтау жөнінде тиісті шаралар қабылдау қажеттігіне үкіметтің назарын тағы да аударғым келеді. Ресми деректер бойынша 15%-ы ғана нормативке сәйкес келмейтін жағдайда тұрған жергілікті жолдардың жағдайы да жақсы емес. Бұл көрсеткіш те, халық наразылығын ескерсек, күмән туғызады. Жолдарды жөндеуге барлық өңірлер үшін бірыңғай тәсілдер қолданатынына қарамастан, облыстар бөлінісіндегі олардың жай-күйінде айтарлықтай алшақтық байқалады. 

Егер Маңғыстау облысында жолдардың 95%-ы нормативтік жағдайда болса, Батыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 2,5 есе төмен. Жалпы, жолдарды дамыту бойынша ахуал жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің нұсқасы бойынша ең жақсы және ең нашар жолдары бар елдер рейтингінде Қазақстан тек 93-орынды иеленіп, тіпті Әзербайжан, Тәжікстан, Грузия және Армениядан да артта қалды, - деді Серік Шайдаров.

Өзгелердің жаңалығы