Ақордада Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қазақстанның ең басты сауда серіктесіне айналуы мүмкін екенін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Дипломатиялық қарым-қатынастың отыз жылдығында ынтымақтастықтың бүкіл салаларында елеулі табыстарға қол жеткізгеніміз қуантады. Үнемі жоғары деңгейде жүргізіліп жатқан саяси диалог бұл үдерістің сақталуына ықпал ететіні сөзсіз. Осы уақытқа дейін мемлекетаралық өзара іс-қимылдың қажетті тетіктері мен берік құқықтық база құрылды, біз бүгін оны жаңа құжаттар пакетімен толықтырамыз, – деді Тәжікстан басшысы.
Рахмонның айтуынша, сауда-экономикалық ынтымақтастық қарым-қатынастарымыздың ең маңызды бөлігі болып қалады.
Қазақстан көп жыл бойы Тәжікстанның сыртқы сауда құрылымында жетекші орынды иеленіп келеді. Сіздің Тәжікстанға ресми сапарыңызда біз жыл сайынғы тауар айналымын таяу уақытта 2 миллиардқа жеткізуге келістік. Бұл тапсырманың жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқаны қуантады, – деді Эмомали Рахмон.