Қазақстан "Шенгенннің қара тізіміне" енгені рас па?

27 Ақпан 2023, 17:32
1668
Бөлісу:
Қазақстан "Шенгенннің қара тізіміне" енгені рас па?
Фото: turkystan.kz

Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров  брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы қарқынды дамыған ынтымақтастықтың орнағанына 30 жыл толуымен ерекшеленеді. Тараптар кең ауқымды мәселелер бойынша біздің әріптестігімізді одан әрі нығайту бойынша жұмыс істеуде. Қазақстанның қандай да бір тізімге енгізілгені туралы айтатын болсақ. Біз еуропалық тараптан ресми хабарлама алған жоқпыз,- деді Айбек Смадияров.

Алайда 1 наурыздан бастап шенген визасын алуға өзгеріс енеді.

1 наурыздан бастап Қазақстанға шенген визасын беру кезінде бұдан былай азаматтар  үшін қосымша консультациялар талап етілетін елдер тізімінде болады. Сонымен қатар Шенген келісімінде қара немесе қызыл тізім деген ұғым жоқ. Бұл әдеттегі жұмыс процесі туралы айтылған. Мұндай қадам біз түсінгендей шенген келісімінің бір елі сұратқан. Себебі Еуропалық одақ пен шенген келісіміне енетін елдер виза алуға өиініш берген үшінші елдің азаматтарына қосымша консультациялар өткізуге құқығы бар. Ол консультациялар 7 күнге созылады. Іс жүзінде біздің азаматтар үшін  визаларды қарау рәсімінде қандай да бір өзгеріс болмайды. Азаматтарға қатысты қосымша консультациялар басталуы мүмкін 40 ел кіретін  тізім “қара тізім” деп аталмайды,- деді ол.

Смадияров ол тізімге Еуропалық одақпен тығыз қарым-қатынастағы Әзербайжан, Вьетнам, Армения, Тунис сынды көптеген ел кіретінін де айтты.

Өзгелердің жаңалығы