Қазақстан шекарасындағы жағдай қандай екені белгілі болды

16 Тамыз 2023, 12:54
1015
Бөлісу:
Қазақстан шекарасындағы жағдай қандай екені белгілі болды
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алыңында өткен брифинг барысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шекаралық бақылау департаменті бастығының бірінші орынбасары полковник Ғани Ағаділов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл көрсеткішке еліміздегң көлік-транзиттік әлеуетінің артуы, жаңа әуе бағыттарының ашылуы, туризм саласындағы шетелдіктер үшін визалық және иммиграциялық ережелердің жеңілдетілуі ықпал еткен.

Мемлекеттік шекара арқылы барлығы 20 млн 527 мың 689 адам, 4 млн 492 мың 435 көлік құралы өткізілді. Тәулігіне орта есеппен 190 мың адамға дейін (оның ішінде 90 мыңға дейін шетелдіктер) және 30 мыңға дейін көлік құралдары өтеді, - деді Ғани Ағаділов.

Дегенмен шекарадан өтетін адамдардың саны ұлғайғанымен елімізге заңсыз және жалған құжаттармен кіруге әрекет жасаған шетелдіктердің саны да артқан.

Кіру-шығу арнасында бөтен және жалған құжаттар мен ҚР визаларын қолданған 150-ден астам адам ұсталды. Бұл адамдар елге кіргізілмей, өз елдеріне депортацияланды. Заңнаманы бұзғаны үшін 5 мыңнан астам адам және 10 көлік компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 227 ҚР азаматы мен шетелдіктер ұсталды, - деді полковник Ғани Ағаділов.

Өзгелердің жаңалығы