Қазақстан шахматшылары әлем чемпионатының ширек финалына шықты

8 Қыркүйек 2023, 17:46
899
Бөлісу:
Қазақстан шахматшылары әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Фото: fide.com

Қазақстанның шахматтан әйелдер құрамасы Польшаның Быдгощ қаласында өтіп жатқан командалық әлем біріншілігінде табысты шеруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазірге дейін еліміздің шахматшы қыздары қатарынан 4 жеңіске жетіп, жарыстың ширек финалына шықты.

Әлемдік біріншіліктің 3-айналымында қазақстандықтар Франция өкілдерін 2,5:1,5 есебімен жеңді.

Меруерт Камалиденова мен Әмина Қайырбекова жеңіске жетіп, Бибісара Асаубаева тең түсті, тек Әсел Серікбай ғана өзінің франциялық қарсыласы Митра Хеязипурды жеңе алмады.

Ал жарыстардың 4-раундында қазақстандық шахматшылар Украинадан келген құраманы 2,5:1,5 есебімен жеңді.

Құрама сапындағы Бибісара Асаубаев пен Алуа Нұрманова өз қарсыластарын жеңді. Меруерт Камалиденова мен Наталья Буксамен тең түссе, Амина Қайырбекова Наталья Жуковадан жеңіліп қалды.

Осылайша Қазақстанның әйелдер құрамасы топтық кезең аяқталғанға дейін бір турда 8 ұпай жинап, 2023 жылғы командалық әлем чемпионатының ширек финалына мерзімінен бұрын жолдама алды.

Соңғы раундта біздің шахматшылар Грузия құрамасымен кездеседі.

Бұған дейін ел құрамасы Мысыр мен Үндістан командасынан басым түскенін де айта кетейік. 

Өзгелердің жаңалығы