Шахматтан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын екі жеңістен бастады

7 Қыркүйек 2023, 12:47
534
Бөлісу:
Шахматтан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын екі жеңістен бастады
Фото: Қазақстанның шахмат федерациясы

Быдгощ қаласында (Польша) жылдам шахматтан (рапид) әйелдер арасында командалық әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Турнирге 12 команда қатысуда. Олар екі топқа бөлінген.

Қыздарымыз Грузия, Украина, Үндістан, Франция және Мысырмен ойнайды. 

Алдын ала өткен турнирлердің қорытындысы бойынша екі үздік команда анықталады. Олар кубок жүйесі бойынша 1-4 орындарды өзара бөліспек.

Бірінші кездесуде қазақстандық шахматшылар Мысыр құрамасын 3:1 есебімен жеңді (Бибісара Асаубаева мен Меруерт Камалиденова жеңіске жетті, ал Ксения Балабаева мен Алуа Нұрманова ойындарын тең аяқтады).

Екінші айналымда біздің құрама Үндістан командасын ұтты. Жеңіс ұпайын Әмина Қайырбекова әкелді.

Енді Франция мен Украина командаларымен өтетін келесі екі матч өте маңызды болмақ.

Өзгелердің жаңалығы