Қазақстан шабуылшысы Ұлттар лигасында Роналдудан жоғары тұр

12 Маусым 2022, 05:33
1526
Бөлісу:
Қазақстан шабуылшысы Ұлттар лигасында Роналдудан жоғары тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан футбол құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов ұлттар лигасының сұрмергендері арасында көш бастады.

Турнирдің үшінші турында жерлесіміз Беларусь (1:1) қақпасына гол салды.

Айымбетов үздік сұрмергендер арасында грузин Хвича Кварцхелия, грек Тасос Бакасетас және түрік Сердар Дурсуннан кейін жеке көрсеткіштері бойынша төртінші орында тұр.

Еске салайық, Ұлттар лигасының жаңа маусымында Қазақстан құрамасы Әзербайжан (2:0) мен Словакияны (1:0) ұтып, Беларусьпен (1:1) тең түскен болатын.

Өзгелердің жаңалығы