Қазақстан Сауд Арабиясында инновациялық хаб ашуды көздеп отыр

20 Желтоқсан 2023, 22:30
624
Бөлісу:
Қазақстан Сауд Арабиясында инновациялық хаб ашуды көздеп отыр
Фото: ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Бүгін Сауд Арабиясының астанасы – Эр-Риядта Қазақстан-Сауд арабиясы үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шара аясында ресми хаттамаға қол қойылды, оған сәйкес тараптар бірлескен инновациялық хаб ашуға ниетті.

Эр-Риядта бірлескен инновациялық хаб құру қазақстандық IT-шешімдер мен стартаптарды әлемдік нарықтарда, атап айтқанда араб елдерінде халықаралық ілгерілетуді қолдаудың негізгі кеңейту тетігі болады.

Инновациялық хаб Қазақстаннан дарынды кәсіпкерлер мен инновациялық стартаптарды Сауд Арабиясына тартуға және венчурлық қорлардан бастапқы инвестицияларды ұсыну, инкубациялау және жеделдету бағдарламалары, бұл салада тәжірибемен және құнды білімдермен алмасу арқылы олардың осы аймаққа қоныс аударуы мен бизнесін кеңейтуге қолдау көрсетуге қызмет ететін болады.

Біз саудиялық тарапты бірлесіп тәжірибе алмасуға және қарқынды аймақаралық технологиялық экожүйені құру бойынша қадамдар жасайтын инновациялық орталық құруда күш біріктіруге шақырамыз,- деді Цифрлық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин.

Сондай ақ ол өз сөзінде қатысушыларды 2024 жылдың 1-3 ақпан Алматы қаласында өтетін 6-шы халықаралық Digital Almaty форумына шақырды. Форум цифрлық күн тәртібін шешуге арналған дәстүрлі пікірталас алаңы ретінде қызмет етеді, жаhандық мүдделі тараптар, саясаткерлер мен сала көшбасшылары арасынла конструктивті диалог пен ынтымақтастықты ілгерілетеді.

Өзгелердің жаңалығы