Қазақстан Ресейге дрон жеткізіп отыр ма? Министр жауап берді

24 Мамыр 2023, 12:34
1054
Бөлісу:
Қазақстан Ресейге дрон жеткізіп отыр ма? Министр жауап берді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандық компанияның Ресейге 500 дрон тасымалданғаны жөніндегі ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Журналистердің сұрағына жауап берген министр егер мұндай жағдай анықталса тиісті шаралар қабылданатынын айтты.

Бізде тиісті келіссөздер бар. Сол келіссөздер бойынша бізге ақпарат келіп түссе, біз ондай тауарларды жібермейміз. Жалпы, кез келген кәсіпкерді ұстап, оны қандай да бір тәртіп бұзушы ретінде қарастыра алмаймыз. Сондықтан аталған компания бойынша нақты зерттеу жүргізіп, ақпаратты тексеріп көрейік. Олар қаншалықты қауіп төндіреді немесе санкциялық қаупі бар екені тексеріледі, - деп түсіндірді Ерұлан Жамаубаев.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Айдос Сарым еліміздегі хиджаб киген қыз-келіншектер туралы пікірін жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы