Қазақстан-Ресей шекарасындағы Желқуар бекеті уақытша жабылды

29 Наурыз 2023, 17:01
765
Бөлісу:
Қазақстан-Ресей шекарасындағы Желқуар бекеті уақытша жабылды
Фото: ҰҚК

Су тасқынына байланысты қазақ-орыс шекарасындағы өткізу бекеті уақытша көліктер мен адамдарды кіргізбейді және шығармайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін, яғни 29 наурыздан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданы аумағындағы «Желқуар» автомобиль өткізу пунктінде шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүк пен тауар өткізу уақытша тоқтатылды.

Бұл бекет Ресей Федерациясы Челябинск облысының ресейлік «Мариинский» өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан.

«Желқуар» пункті қашан қайтадан ашылатыны қосымша жарияланады.

Көлік жүргізушілеріне қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс бағытын өзгертуді ұсынамыз, -  деп ескертті комитеттен.

Өзгелердің жаңалығы