Қазақстан құрамасы жағажайдағы Азия ойындарын 8 медальмен аяқтады

Жалпы команда тоғыз спорт түрінде бақ сынады.

 ҰОК/Никита Басов Бүгiн 2026, 21:50
Бүгiн 2026, 21:50
164
Фото: ҰОК/Никита Басов

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындары аясындағы жарыстарын сегіз медальмен аяқтады. Оның ішінде бір алтын, бір күміс және алты қола жүлде бар, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалғыз алтын медальді джиу-джитсудан 69 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұржан Батырбеков жеңіп алды.

Күміс жүлде су добынан әйелдер құрамасының еншісіне тиді. Команда сапында Ариадна Затыльникова, Камила Наурызбаева, Таира Мухаева, Яна Смолина, Василиса Антропова, Фатима Маткаримова және Аида Алпысбай өнер көрсетті.

Қола медальдардың үшеуін джиу-джитсу шеберлері иеленді:

  • Батыр Теңізбай (62 кг дейін),
  • Әлинұр Қуатұлы (69 кг дейін),
  • Сейілхан Болатбек (77 кг дейін).

Су добынан ерлер құрамасы да қола жүлдеге қол жеткізді. Жүлдегерлер қатарында Темірлан Балфанбаев, Сұлтан Шонжігітов, Мұрат Шәкенов, Эдуард Цой, Руслан Ахметов, Александр Еремин және Алдияр Әкімбай бар.

Спорттық құзға өрмелеуден Ришат Хайбуллин жекелей сында қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, ол Рашид Хайбуллинмен бірге эстафетада да үшінші орынға ие болды.

Жарыс барысында қазақстандық спортшылар тағы бірқатар сайыстарда жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші және бесінші орындарға тұрақтады. Жалпы команда тоғыз спорт түрінде бақ сынады.

Айта кетейік, дода 30 сәуірде аяқталады, соңғы жүлделер гандболдан әйелдер арасындағы жарыста сарапқа салынады.

Наверх