Қазақстан құрамасы джиу-джитсудан әлем чемпионатында 21 медаль жеңіп алды

Бір аптаға созылған жарысқа 37 елден 1200-ден астам спортшы қатысты.

 Спортты дамыту дирекциясы 14 Тамыз 2026, 22:20
14 Тамыз 2026, 22:20
98
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

БАӘ-нің Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан жасөспірімдер, жастар, ересектер мен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Бір аптаға созылған жарысқа 37 елден 1200-ден астам спортшы қатысты. Олар Fighting, Duo, Show және Jiu-Jitsu No-Gi дисциплиналарында бақ сынады. Қазақстан намысын еліміздің барлық өңірінен барған 194 спортшы қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ересектер құрамасы 3 алтын, 3 күміс және 15 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға тұрақтады.

Жалпыкомандалық есепте Ресей – 1-орын, БАӘ – 2-орын, Италия – 3-орын, ал Қазақстан 4-орын алды.

Наверх