Азия ойындары: Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден екінші қола медалін жеңіп алды

Үш күнге созылған жарыстың еркін бағдарламасында қазақстандық спортшылар 216,7961 ұпай жинап, үшінші орынға орналасты.

 Спортты дамыту дирекциясы 28 Қыркүйек 2026, 08:04
28 Қыркүйек 2026, 08:04
105
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Жапонияның Аичи префектурасында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарындағы әртістік жүзуден жарыстар аяқталды. Қазақстан құрамасы аралас командалық бағдарламада қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Үш күнге созылған жарыстың еркін бағдарламасында қазақстандық спортшылар 216,7961 ұпай жинап, үшінші орынға орналасты.

Қазақстан құрамасы сапында Виктор Друзин, Даяна Джаманчалова, Айгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Анна Павлетцова, Валерия Столбунова, Жаклин Якимова, Наргиза Болатова және Ясмин Туякова өнер көрсетті.

Үш жаттығудың қорытындысы бойынша жүлдегерлер:

  • Қытай – 857,5084 ұпай
  • Жапония – 821,7404 ұпай
  • Қазақстан – 672,6029 ұпай

Бұл – Қазақстан құрамасының әртістік жүзуден Азиададағы екінші қола медалі. Бұған дейін Наргиза Болатова мен Ясмин Туякова жұптық жарыста техникалық және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша 565,7326 ұпай жинап, қола жүлдеге ие болған еді.

Наверх