Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжам

12 Қыркүйек 2023, 08:29
395
Бөлісу:
Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжам
Фото: архив

Бүгін елдің екі қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сейсенбіде Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы