Қазақстан қалаларында жаңа жылдық шыршалар жағылып жатыр

21 Желтоқсан 2023, 19:52
513
Бөлісу:
Қазақстан қалаларында жаңа жылдық шыршалар жағылып жатыр
Фото: Арман Мухатов - архив

Ел аймақтарында мерекелік концерттер ұйымдастырылып, Жаңа жылды қарсы алу іс-шаралары басталып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәселен бүгін Петропавл қаласындағы бас шыршаның шамдары жағылды.

Ал Қызылордада жаңа жылдық шыршаны жағу 26 желтоқсанға жоспарланған. Биылғы жылы Жаңа жылдың басты символы қала әкімі ғимаратының алдына қойылды. Шыршаның биіктігі 23 метр екенін айта кету керек.

Ал Павлодардағы 30 метрлік шырша сәукеле сияқты істеліп, ұлттық өрнектермен безендіріледі. Жаңа жылдың мерекелік шыршасын жағу 22 желтоқсан сағат 19.00-ге жоспарланған.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада елорданың бас шыршасын жағу іс-шарасы салтанатты түрде өткен еді.

Сондай-ақ Алматыда да бас шыршаның шамы жағылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы