Қазақстан полициясының құрдасы

23 Маусым 2022, 17:00
1655
Бөлісу:
Қазақстан полициясының құрдасы
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында полиция департаментінің жылдам әрекет ету жасағында қызмет ететін Ринат Махмұтов – Қазақстан полициясының құрдасы. Бүгінде жас тәртіп сақшысы жұмысына деген адалдығымен қатарластарының алды бола білген.

Қазіргі уақытта Ринат Махмұтов жылдам әрекет ететін арнайы жасағының инспекторы. Бұл мамандықты бала кезінен армандаған.

Біздің қызметте физикалық дайындық аса маңызды. Бейбіт күнде қызмет етсек те, спорт жағынан, білім жағынан мықты болуымыз шарт. Бастапқыда еркін күреспен, кейін аралас жекпе-жекпен айналыса бастадым. Біртіндеп, ММА, жекпе-жек, кудо, жауынгерлік самбо, қоян-қолтық ұрыс, әскери қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберлігінің барлық көрсеткіштерін орындадым, сондай-ақ халықаралық ММА дәрежесіндегі спорт шебері атағына ие болдым, - дейді Ринат.

Маман бұған дейін мерзімді қызметін Қапшағай қаласының десанттық әскерде өткерді. 

Қазақстан полициясының құрдасы

2014 жылы «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінде қызмет етті.

Қызметке 20 жасымда келдім. 10 жыл ішінде өмірлік мектептеп өттім дейге болады. Аға буын өкілдерінен сабақ алдық. Мықты болып, теуіп сындыру емес біздің мақсат, әрдайым даму, жетілу. Қозғалыс болмаса, заман көшінен қалып қоямыз. Қазірдің өзінде дайындығым толық емес сияқты. Әрдайым жаттығып отыру керек. Шыңдалу қажет, - дейді аға инспектор.

Ринат Махмұтовтың айтуынша, кез келген полиция қызметкері ақылды әрі спорт жағынан мықты болуымен қатар, әрдайым халыққа жақын болу керек. Қоғамның тәртіп сақшыларына деген сенімін арттыру маңызды. Ал бұл қасиеттер кез келген адамға абырой ғана сыйлайды. 

Айта кетейік, Ринат Махмұтов күрең беретке ие болған полицей. Ол үшін 75 шақырымдық қашықтықты тосқаулыдармен еңсеріп, арнайы нормативтерді тапсырған. 

Өзгелердің жаңалығы