Қазақстан Палестинаға гуманитарлық жүк жіберді

9 Желтоқсан 2023, 22:25
525
Бөлісу:
Қазақстан Палестинаға гуманитарлық жүк жіберді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Палестина халқын қолдауға гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Палестинаға гуманитарлық жүк тиеген Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағы Мысырға ұшты.

Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік және төсек-орын жабдықтары түріндегі гуманитарлық жүк, сондай-ақ "СК-Фармация" ЖШС дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары жүк ұшағымен жіберілді.
Тізбеде барлығы 14 тауар түрі бар. Жүктің жалпы көлемі 38 тоннадан асады.
Гуманитарлық жүкті тиеуді ТЖМ 28237 әскери бөлімінің күштері жүзеге асырды.
Жүк «Қызыл Жарты Ай» қоғамының өкілдеріне берілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы