Қазақстан Пәкістанға 400 мың доллар мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетеді

31 Тамыз 2022, 22:19
992
Бөлісу:
Қазақстан Пәкістанға 400 мың доллар мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетеді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Үкіметі Пәкістан Ислам Республикасына адам өліміне әкеп соққан нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарын жою үшін $400 мың мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлады primeminister.kz.

Бұл мәселе Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі комиссияның отырысында қаралды.

Ресми мәліметтер бойынша, Пәкістанда табиғи апаттан 1 033 адам қаза болды, оның ішінде 343 бала, сондай-ақ тұрғын үйлер мен инфрақұрылым қирады. Шамамен 35 млн адам баспанасыз және азық-түліксіз қалды.

27 тамызда Пәкістан Премьер-министрі Ш.Шариф халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады.

28 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне су тасқыны салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.

Өзгелердің жаңалығы