Қазақстан-Өзбекстан. Үкіметаралық комиссияның 20-отырысы өтеді

5 Мамыр 2023, 12:12
801
Бөлісу:
Қазақстан-Өзбекстан. Үкіметаралық комиссияның 20-отырысы өтеді

5 мамырда Ташкентте Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 20-отырысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Онда мемлекетаралық байланыстардың кең ауқымды мәселелері, атап айтқанда өнеркәсіп кооперациясын тереңдету; ауыл шаруашылығы; транзиттік-көлік саласы және басқа да бағыттардағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланбақ.

Қазақстан-Өзбекстан. Үкіметаралық комиссияның 20-отырысы өтеді

Қазақстан тарапынан Премьер-министр Әлихан Смайылов, Өзбекстан тарапынан ӨР Премьер-министрі Абдулла Арипов тең төрағалық етеді.

Қазақстан-Өзбекстан. Үкіметаралық комиссияның 20-отырысы өтеді

Әлихан Смайыловтың Өзбекстан астанасына жұмыс сапары «Янги Узбекистон» саябағында орналасқан «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Онда бейбітшілік пен бостандықтың, ізгілік пен игіліктің белгісі ретінде қанатын жайған Хумо құсы бейнеленген, ал монумент тұғырында «Ел тарихында өшпес із қалдырған ата-бабаларымызға мәңгілік тағзым» деп жазылған.

Өзгелердің жаңалығы