Мәжіліс Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.
Хаттамаға сәйкес, «Сырдария – Мәлік» және «Целинный – Оқ олтин» өткізу пункттерінің мәртебесі өзгереді. Олар екіжақты санаттан халықаралық санатқа ауыстырылады.
Сондай-ақ олардың жұмыс режимі де өзгереді. Бұрын тек күндізгі уақытта жұмыс істесе, енді тәулік бойы жұмыс істейтін болады.
Ратификацияланған өзгерістер шекаралық пункттердің өткізу қабілетін арттыруға және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті дамытуға бағытталғаны аталып өтті.