Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы құжат жобасы жасалды

6 Тамыз 2022, 22:59
1688
Бөлісу:
Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы құжат жобасы жасалды

Қазақстан – Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобалар пакетін қалыптастыру аяқталды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылғы 25 шілде – 5 тамыз аралығында Алматы қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт жобасының мәтінін келісуді және шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттары жобаларының пакетін қалыптастыруды аяқтады. Келесі кездесу Өзбекстан Республикасында дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімдерде өтеді, - делінген министрліктің хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы