Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Моңғолияның Өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Гонгорын Дамдинняммен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, атап айтқанда қазақстандық мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеуді, сондай-ақ геологиялық барлау және мұнай өндіру саласындағы тәжірибе алмасуды талқылады.
Көмір өнеркәсібі мен көмір химиясын дамытуға, оның ішінде көмірді терең өңдеу жобаларына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар жаңартылатын энергия көздері саласындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктері қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар энергетика секторын тұрақты дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік білдірді.
Еске салайық, Қазақстанға мемлекеттік сапармен Моңғолия президенті келеді.