​​Қазақстан мен Уругвай: екіжақты қатынастарды дамытудың жаңа кезеңі

9 Мамыр 2024, 10:43
350
Бөлісу:
​​Қазақстан мен Уругвай: екіжақты қатынастарды дамытудың жаңа кезеңі
Фото: СІМ баспасөз қызметі

Уругвай тарапының шақыруы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаровтың алғашқы саяси консультациялар өткізу үшін Шығыс Уругвай Республикасына сапары өтті.

Уругвай Сыртқы істер министрінің орынбасары Николас Альбертонимен кездесу барысында екіжақты қатынастардың, жаһандық күн тәртіптің, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі бастамалар мен кандидатураларды өзара қолдау мәселелері бойынша көпжақты ықпалдастықтың өзекті аспектілері талқыланды.

Тараптар Уругвай Парламентінде «Қазақстан-Уругвай» парламенттік достық тобының құрылуын, сондай-ақ жақын арада Монтевидео қаласында Қазақстанның алғашқы Құрметті консулдығының құрылуын құптады. Саяси консультациялардың қорытындысы бойынша, тараптар, екіжақты және көпжақты ықпалдастықты кеңейтуге және Астанада Қазақстан-Уругвай саяси консультацияларының екінші раундын өткізуге уағдаласты.

Уругвай астанасына сапары барысында Қайрат Омаров Уругвай Парламенті Конгресінің спикері Анна Мария Оливейрамен, сенатор Маркос Метол Састре бастаған «Уругвай-Қазақстан» парламенттік достық тобымен, Латын Америкасы энергетикалық ұйымы (OLADE) мен Латын Америкасы интеграция қауымдастығының (ALADI) басшылығы Эдгар Фитжеральд Пиали және Бенхамин Бланкомен кездесулер өткізіп, сондай-ақ Уругвайдың іскер топтары мен экономикалық бірлестіктерінің өкілдеріне арналған «Уругвай-Қазақстан: инвестиция және сауда мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Уругвай тарапы мемлекеттер арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды жандандыруға жаңа серпін берген Қазақстанның ресми делегациясының сапарын жоғары бағалады.

Өзгелердің жаңалығы