Қазақстан мен Түркия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

10 Мамыр 2022, 21:59
1854
Бөлісу:
Қазақстан мен Түркия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды кеңейтуге ерекше көңіл бөле отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігінің ауқымды мәселелерін талқылады. 

Сонымен қатар жаһандық және аймақтық күн тәртібіндегі проблемалар қарастырылды.

Қазақстан Президенті бауырлас Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін Режеп Тайип Ердоғанға ризашылығын білдірді.

Шағын құрамдағы кездесу соңында Мемлекет басшысы Түркия Президентін елімізге сапармен келуге шақырды.

Қазақстан мен Түркия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Режеп Тайип Ердоған өзінің шақыруын қабыл алып, Түркияға сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сонымен қатар Қазақстанға шақыруын ризашылықпен қабыл алып, биыл күзде елімізге келетінін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы