Қазақстан мен Түркия арасындағы жүк тасымалдау уақыты қысқарады

21 Ақпан 2024, 12:58
285
Бөлісу:
Қазақстан мен Түркия арасындағы жүк тасымалдау уақыты қысқарады
Фото: Көлік министрлігі

Мәжіліс Қазақстан-Түркия үкіметтері арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті және сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға бағытталған халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалы туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжатты Көлік министрі Марат Қарабаев таныстырды.

Сөзінше, құжатқа 2022 жылы 10 мамырда Анкарада қол қойылған.

Келісім Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша ("Баку-Тбилиси-Карс" темір жолын, Каспий теңізінің порттарын және "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізін пайдалану арқылы) жүк ағынын арттыруға және Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымын ұлғайтуға бағытталған.

Келісімді ратификациялау тауардың транзиттік уақытын 5 күнге дейін қысқартады. 2022 жылы бұл бағыт 13-15 күнге дейін болды.

Теміржол және теңіз көлігімен аралас тасымалдауға арналған екі жүкқұжаттың орнына автоматтандырылған цифрлық платформа арқылы рәсімдеуге болатын бірыңғай цифрлық құжат енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы