Қазақстан мен Ресей дипломатиялық байланыстың 30 жылдығын атап өтеді – Тоқаев

10 Ақпан 2022, 21:35
2485
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей дипломатиялық байланыстың 30 жылдығын атап өтеді – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінен кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Ең алдымен, Ресей Президентіне Мәскеуге ресми сапармен келуге шақырғаны үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Біз жақында ғана қол жеткізілген келісімдер бойынша ұзақ келіссөздерді аяқтадық. Расында, келіссөздер өте қызық болды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, осы келіссөздердің өту жолына көңілім толғанын білдіргім келеді, - деді Тоқаев.

Ол биыл екі ел үшін мемлекеттер үшін маңызды жыл екенін атап өтті.  

Біз мемлекеттеріміз арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтеміз. Осы уақыт ішінде үлгі боларлықтай мемлекетаралық ынтымақтастық орнаттық. Қарқынды саяси диалогтың арқасында біз барлық салада табыстарға қол жеткіздік.  Дүние жүзіндегі ең ұзын құрлықтағы шекарамыз бүкіл халықаралық қоғамдастық үшін бүгінгі күннің жарқын мысалы. Мұны үлгілі тату көршілік, сенімді ынтымақтастық және стратегиялық әріптестік дер едім, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы