Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, одақтастық сабақтастығы толық көлемде сақталады – Мемлекет басшысы

15 Маусым 2022, 16:48
1385
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, одақтастық сабақтастығы толық көлемде сақталады – Мемлекет басшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. 

«Қазақстан мен Ресей арасында биыл 30 жыл толған Мәңгілік достық туралы шарт бар. Біз бүгін жаңа Қазақстан туралы айтқан кезде жаңа Қазақстан ескі Қазақстаннан Достық туралы шартта Ресей тарапынан алған барлық кепілдіктерді мұраға алатындығын білдіре ме? Сіз үшін Ресей қалай?» деп сұрай қойды тілші сұхбат барысында. 

Сыртқы істер министрінің орынбасары болған кезімде мен осы өте маңызды келісімді дайындаумен айналыстым. Әр бап бойынша ресейлік әріптестерімізбен бірге отырып жұмыс істеп, шарттың мәтінін жаздық. Ол біздің мемлекеттеріміздің арасындағы сан қырлы әріптестікті дамытуға сәйкес қарқын беру тұрғысынан үлкен маңызға ие. Одан кейін бұл шарттың орнын екі ел арасындағы Одақтастық туралы шарт алмастырды. Оған 2013 жылы Екатеринбургте қол қойылды. 1992 жылғы шартқа оралсам, ол өте ауқымды тарихи мәнге ие екенін атап өткім келеді, - деді Мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ ол мемлекеттер арасында сабақтастық толықтай көлемде сақталғанын айтты. 

Мүмкіндікті пайдаланып, мемлекеттеріміздің арасында достық, одақтастық сабақтастығы толықтай көлемде сақталып отырғанын айтқым келеді. Кез келген жағдайда Мемлекет басшысы ретінде екі ел арасындағы шынайы достық өзара қарым-қатынастың сақталуы үшін барлық мүмкіндікті жасайтын боламын. Әрине, әлемдегі жағдай күрделі. Ол үнемі өзгеріп тұрады. Қазір орын алып жатқан жайттарды 30 жыл бұрын елестету мүмкін болмаған еді. Бірақ өмір бір орында тұрмайды. Менің ойыма, мемлекеттер арасындағы достық бізді алшақтатпай, әлемдегі ең ұзақ құрлықтағы шекараны біріктіріп отыр. Бұл достық үздіксіз, яғни мәңгілік сипатқа ие болуы тиіс, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Өзгелердің жаңалығы