Қазақстан мен Қытайға визасыз режим қандай пайда әкеледі?

4 Мамыр 2023, 11:22
1466
Бөлісу:
Қазақстан мен Қытайға визасыз режим қандай пайда әкеледі?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қытай мен Қазақстанның транзиттік айналымы 42 пайызға артты. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Сенаттың жалпы отырысынан кейін өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда транзиттік құралдардың саны 33 пайызға артты. 2021 жылы көлік құралдарының саны Қазақстан арқылы транзиттік көлік саны 153 мың болса, 2022 жылы 204 мың көлік болды. 2021 жылы Қытаймен транзит бойынша 75 мың көлік өтсе, 2022 жылы 107 мың көлік өтті. Бұл 35 мыңға ұлғайып, 42 пайыз болды, - деді вице-министр Сенатта.

Оның берген мәліметінше, кедендік баж салығынан Қазақстан бюджетіне 1 сәуірдегі жағдай бойынша 10 сальдо 160 млрд теңге қаражат түсті.

Жыл басынан бастап «Нұрлы жол» кеден бекеті ашылғаннан бері БАҚ-та көптеген шағым болды. Біздің көліктер ол жаққа өте алмайды. Біздің 15 мың көлік кезекте тұрды. Қазіргі таңда біз өз тарапымыздан жұмыс кезеңін ұлғайттық. Қытай консулдығымен кездесіп, қазақстандық тасымалдаушыларға визаның санын апта сайын 500-ге дейін берудің нәтижесінде кезек азайды. Қазақстандықтардың визасыз өтуіне жеңілдік жасалса, сауда-саттықты дамытуға әсері болуы мүмкін, - деп айтты Ержан Біржанов.

Өзгелердің жаңалығы