Қазақстан мен Қытайдың «бақылау объектілеріне» өзара инспекциялар жүргізілді

5 Шілде 2023, 15:01
851
Бөлісу:
Қазақстан мен Қытайдың «бақылау объектілеріне» өзара инспекциялар жүргізілді
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен ҰҚК Шекара қызметінің инспекциялық тобы Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан өкілдерімен бірлесіп, Қытай халық-азаттық армиясының бір бөлімінде «бақылау объектісі» инспекция жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осындай шараларды Қытай әскери сарапшылары Қазақстан аумағында Жаркент қаласындағы ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшесінде де өткізді.

Инспекциялардың мақсаты – қолданыстағы келісімге қатысушылар берген шекараның екі жағында 100 шақырым аймақта орналасқан қару-жарақтың, әскери техниканың және жеке құрамның саны туралы жыл сайынғы әскери ақпаратты тексеру.

Тексеру шаралары барысында қолбасшылықтар инспекциялық топтарға брифингтер ұйымдастырып, олар күнделікті қызметпен, инспекцияланатын бөлімдердің инфрақұрылымымен танысты.

Әскери инспекторлар сенім шараларын нығайтуға бағытталған инспекциялық қызметті ұйымдастыру саласындағы одан әрі ынтымақтастық туралы пікір алмасты.

Инспекция нәтижелері бойынша тараптар Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының өздерінің халықаралық міндеттемелерін толық орындағанын растады.

Өзгелердің жаңалығы