Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы ұлғайды

10 Қазан 2023, 19:50
792
Бөлісу:
Қазақстан мен Қытай арасындағы  жүк тасымалы ұлғайды
Фото: Артём Чурсинов - архив

2023 жылдың қыркүйегінде Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24%-ке ұлғайып, 2,4 млн тоннаға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тасымал өсімінің негізгі драйвері экспорттық жүктерді тиеу болды. ҚХР-ға экспорт 57%, яғни 1,2 млн тоннаға дейін өсті. Атап айтқанда, астық жүктері экспорты 125% артты. Қыркүйек айында импорт 13% өсті.

Жалпы, 2023 жылдың 9 айында елдер арасындағы жүк тасымалының жалпы көлемі 22%-ке өсіп, 21,1 млн тонна болды. Оның ішінде Алтынкөл – Қорғас темір жол өткелі арқылы 9,2 млн тонна тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 28%-ке жоғары. ҚХР-дан жүкті қабылдау 10%-ке, 8,3 млн тоннаға дейін, тапсыру-31%-ке, 12,8 млн тоннаға дейін өсті.

Қазан айының қорытындысы бойынша теміржолшылар 2022 жылғы тасымалдау көлемін орындауды жоспарлап отыр, ол 23,2 млн тоннаны құрады және тарихи максимум болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы