Қазақстан мен Қытай арасында теміржол арқылы жүк тасымалдау көлемі 17%-ға артады

28 Наурыз 2022, 18:50
2900
Бөлісу:
Қазақстан мен Қытай арасында теміржол арқылы жүк тасымалдау көлемі 17%-ға артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейнеконференцбайланыс режимінде ТЖЫҰ-ның Жүк тасымалдары жөніндегі комиссиясының отырысы болып өтті. 

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Оның жұмысына Қазақстан, Вьетнам, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан және Корея теміржол әкімшіліктерінің өкілдері қатысты. Қазақстандық делегацияны «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының Маркетинг және жоспарлау жөніндегі орынбасары Ерсін Хасенов басқарды.

 Кеңеске қатысушылар 2022 жылға арналған экспорттық, импорттық және транзиттік жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау көлемдерімен келісті. Жүктерді тасымалдаудың келісілген көлемін орындау жөніндегі техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар қаралды.

ҚР мен ҚХР арасындағы екіжақты кеңес барысында жүк тасымалдау көлемін өткен жылмен салыстырғанда 17,6% арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы