Қазақстан мен Моңғолия арасында тікелей әуе рейсі ашылды

Жаңа рейс 2026 жылғы 2 маусымнан бастап орындалады.

 Сыртқы істер министрлігі Кеше 2026, 22:53
Кеше 2026, 22:53
106
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан мен Моңғолия астаналары арасында тікелей әуе рейсі ашылды. SCAT Airlines әуе компаниясы жүзеге асыратын жаңа бағыттың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов, Моңғолия Үкіметі мен Ұлы Мемлекеттік Хуралының өкілдері, авиация саласының мамандары, SCAT Airlines және Hunnu Air компанияларының басшылары, туристік агенттіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Елші Алмас Сейтақыновтың айтуынша, Астана мен Ұлан-Батыр арасындағы тікелей әуе қатынасының іске қосылуы – Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хурэлсух арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздердің нақты нәтижесі.

Жаңа рейс 2026 жылғы 2 маусымнан бастап орындалады. Тараптардың пікірінше, бұл бағыт екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік, гуманитарлық және өңіраралық байланыстарды дамытуға серпін береді. Сонымен қатар, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік қатынасы да нығая түспек.

Наверх