Қазақстан мен Мажарстан креативті индустрия саласында ынтымақтасатын болады ⠀

20 Желтоқсан 2023, 15:50
416
Бөлісу:
Қазақстан мен Мажарстан креативті индустрия саласында ынтымақтасатын болады ⠀
PHOTO
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. 

Кездесуде Қазақстан мен Мажарстан арасындағы, әсіресе, түркі мемлекеттерінің достық қарым-қатынасы туралы кеңінен сөз болды. ⠀

Қазақстан мен Мажарстан креативті индустрия саласында ынтымақтасатын болады ⠀

Екі елдің арасындағы мәдениет, ақпарат және жастар саясаты салаларында өзара белсенді іс-қимыл жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасындағы ерекше назар аударатын тағы бір сала - креативті индустрия. Осы орайда, сіздермен аталған бағытта да тығыз байланыс орнатқымыз келеді, - деді Аида Балаева.

Өз кезегінде Отто Иван Рона Мажарстанның Еуропалық Одақ Кеңесіне төрағалық етуі аясында бірқатар ауқымды мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетуді сұрады. 

Қазақстан мен Мажарстан креативті индустрия саласында ынтымақтасатын болады ⠀

⠀ 

Екі елдің мәдени қарым-қатынасы мен достығын насихаттап, тәжірибе алмасу мақсатында Мажарстан Опера театрының гастрольдік сапарларын ұйымдастыру, Қазақстанда кино апталығын өткізу және қазақ-венгр фильмдерін көрсету жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы